Ең үздік оқу ордаларының олимпиадалық құрама командасы – Павлодар облысында
Облыс әкімі Асайын Байханов білім беру саласының қызметкерлерін Ұстаздар күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері! Сіздерді Дүниежүзілік ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер еліміздің болашағы – балаларымызды білім нәрімен сусындатып, тәрбие беріп және өмірде өздерінің орнын табуға орасан зор үлес қосудасыздар, – деп жазды аймақ басшысы Іnstagram парақшасында.
Облыс әкімі өңірдің білім беру жүйесін дамытуға баға жетпес үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлеріне алғыс айтты.
– Сіздердің жұмыстарыңыз жоғары кәсібилікті, даналық пен адалдықты талап етеді. Жыл сайын республиканың үздік оқу орындарының рейтингін көш бастап тұратын мектептерімізде жарқын және талантты педагогтардың жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз. Ал, өңірдегі оқу ордаларының олимпиадалық құрама командасы – ҚР-да ең үздік, – деді Асайын Байханов.
Аймақ басшысы ұстаздар қауымына мықты денсаулық, амандық және бастамаларына табыс тіледі.