Павлодарлық параспортшылар республикалық Спартакиадада үздік нәтиже көрсетті

Павлодарлық параспортшылар республикалық Спартакиадада үздік нәтиже көрсетті
Фото: Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Өңір намысын аталған додада 8 спортшы қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында Қазақстан Республикасының VII республикалық Спартакиадасы өтті.

Жекелей сында Нұржан Майкенов (ВС 2) алтын медаль жеңіп алса, Станислав Суфьянов (ВС 3) күміс, Карим Сәлімов (ВС 3) қола жүлдегер атанды.

Жалпыкомандалық есепте павлодарлық құрама 179 ұпай жинап, елдің 16 өңірі арасында 6-орынға тұрақтады.