Павлодарлық полицейлер отызға жуық қылмыстың алдын алды

Павлодарлық полицейлер отызға жуық қылмыстың алдын алды

Тәртіп сақшылары рейдтік шара барысында аулалар мен көшелерлі тексеруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, Павлодар қаласының полиция қызметкерлері облыс орталығында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

- Солтүстік полиция бөлімінің №3 учаскелік полиция пунктінің аумағында тексеру жүргізілді. Оның барысында ІІО профилактикалық бақылауында тұрған адамдар тексеріліп, әрқайсысымен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы әңгіме жүргізілді. Жалға алынатын және күмәнді пәтерлер тексерілді. Сондай-ақ, егде жастағы азаматтар мен жалғыз тұратын азаматтарға алаяқтық фактілері жиілеп кеткені туралы ескертілді. Оларға "Алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" атты жадынамалар таратылды,- деді Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Дүйсекенов. 

Тексеру барысында полицейлер 28 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүру, қорғау нұсқамасын бұзу, Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу сияқты бұзушылықтар анықталды.