Павлодарлық полицейлер жоғалған айфонды иесіне қайтарды
Қыз бала телефонды жақында ғана несиеге алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 10 қазанда түнгі сағат 23:00-де орталық жағалауды патрульдеу кезінде полиция лейтенанты Дәурен Жылқайдаров пен кіші лейтенант Жандос Мейрамғазы орындықтардың бірінен «iPhone 13» маркалы телефонын тауып алған.
Тәртіп сақшылары соңғы қоңырау шалған байланысқа шығып, табылған зат туралы хабарлады. Көп ұзамай қалалық полицияның модульдік бекетіне қыз бен оның анасы келіп, телефонын қайтарды. Қыз бала серуендегенде орындыққа отырып, музыка тыңдаған соң кетіп қалған кезде телефонын қалдырып кеткенін түсіндірді.
– Мен жаңа телефонымның жоқтығын білгенде үрейленіп кеттім. Телефондағы барлық маңызды контактілерім мен естеліктерім сақталған еді. Оны жақында ғана несиеге сатып алдым. Бірақ телефонымды полиция қызметкерлері тауып берді, – деді телефон иесі Эльнура.
Қыздың анасы полицейлерге қызметіндегі зейінділік пен адалдық үшін алғысын білдірді.
– Азаматтардың алғысы біз үшін өңіріміздің азаматтарымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мен қарым-қатынасты нығайтудың қуатты құралы болып табылады. Өйткені, біздің қызметіміз әрқашан тұрғындарымыздың тыныштығының сенімді кепілі болып қала береді, – деді полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары тұрғындарға өз мүлкіне мұқият болуға, ұялы телефонды әмиян сияқты ұстауға кеңес береді.