Павлодарлық полиция қызметкері Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қарағанды қаласында күштік спорт түрлерінен Азия ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарысқа Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкері Әсел Абдраманова мен ішкі істер органдарының ардагері Қанат Шакуов қатысты.
Турнир бағдарламасына стритлифтинг, армлифтинг, Hip Thrust, пауэрспорт сияқты бірқатар күштік спорт түрлері енгізілді.
Полиция басқармасы ПКБ нұсқаушысы Қанат Шакуов халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындап, екі алтын медаль жеңіп алды. Жүк көтеру және классикалық Hip Thrust жарыстарында Әсел Абдраманова Қазақстанның рекордын орнатып, екі алтын медаль жеңіп алды.
– Бұл жеңістің мен үшін маңызы зор. Әр жеңіс – ауыр жаттығулар мен қатаң тәртіптің нәтижесі. Мен бұл нәтижеге қол жеткізгенімді мақтан тұтамын. Бұл әрі қарай алға басуға шабыттандырады және одан да жоғары мақсаттар қояды, – дейді Әсел.
Айта кету керек, полицейлер көптеген жылдар бойы кәсіби жүгірумен айналысады, өңірлік және республикалық жарыстарға қатысады, полиция департаментінің спорттық іс-шараларына белсенді қатысады.