Павлодарлық сот жер дауларын үш есе қарқынды шешуде
Былтырғы жылы 3000-нан аса іс аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы мен қазылармен «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Ерқанат Әбеновтің айтуынша, бұл кездесу палатаның өңір соттарымен белсенді өзара іс-қимылының жалғасы болды.
– Кәсіпкерлікті қорғауға және дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Соның аясында бизнестің мүддесін қорғауға қатысты мәселелерді қарастыру үшін меморандумдар жасап, «жол карталарына» қол қою арқылы жұмыс жүргізіп жатырмыз, – деді Ерқанат Әбенов.
2023 жылы бұл сот 2022 жылмен салыстырғанда 1000 іске көп бітірді.
– 2023 жылы біз 3662 істі аяқтадық, шешім шығарумен – 1913. 2022 жылы 305 шешімге аз шығарылды. Аяқталған істердің басым бөлігінде шарттық даулар 35 пайыз, мемлекеттік сатып алулар – 44 пайызды құрайды. Жер даулары өсті, осындай 136 істі қарадық. 2022 жылы 45 болған еді, – деп атап өтті өңірлік МАЭС төрағасы Айтқали Жақыпбеков.
Дегенмен, салық даулары мен банкроттықтардың саны бірдей деңгейде қалды.