Павлодарлық спортшы Беларусь елінде қола алды
 
                                Минск қаласында басталған ТМД елдерінің II ойындары 11 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғары спорт шеберлігі мектебінің мәліметінше, жарысқа ТМД спортшыларынан басқа, Достастық құрамына кірмейтін мемлекеттердің өкілдері де қатыса алады.
Көптеген делегациялар ТМД елдерінің өкілдері: Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан. Сондай-ақ Египет, Иран, Қытай, Куба, Ливан, Малайзия командалары жеке бағдарламаларда өнер көрсетеді.
– Ойынға қатысушылар 20 спорт түрінен медаль алу үшін сынға түсті. Бұл – нысана көздеу, жеңіл атлетика, волейбол, жағажай футболы, 3х3 баскетбол және тағы басқалары. Көптеген спорт түрлерінде жастар мен жасөспірімдер марапаттарға таласады. Нысана көздеу бойынша 9 ел қатысты, – деді басқармада.
Павлодар облысының ЖСШМ спортшысы Кирилл Федькин МП-8 командалық дисциплина бойынша қола медальға ие болды. Жаттықтырушысы – Н.П. Зигалова.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
    
             
    
             
         
         
    
             
    
 
    
 
    
 
         
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
