Павлодарлық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды
Түркияда VII әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Анкара қаласында өткен чемпионатқа әлемнің 14 елінен жүзге жуық спортшы катысты. Жарыста АҚШ, Венгрия, Испания, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Чехия, Франция, Украина және Қазақстан сияқты елдердің мықты спортшылары өнер көрсетті. Әлем чемпионаты классика, рапид және блиц жарыс түрлерінен өтті.
Облыстық тоғызқұмалақ федерациясының спортшылары рапид түрінен Ерасыл Ауталипов чемпионатының күміс жүлдегері атанса, блиц түрінен Ринат Керейбаев бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды.