Павлодарлық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

Павлодарлық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды
Фотосурет «Nomad» киокушинкай каратэ мектебінің жаттықтырушысы Еркебұлан Айтжановтың парақшасынан алынды

Облыстың кәмелетке толған каратэшылары екі алтын және төрт қола медаль ұтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Nomad» киокушинкай каратэ мектебінің жаттықтырушысы Еркебұлан Айтжановтың мәліметінше, жарыс 18+ жас санатында өтті. Татамиде өз бақтарын 22 елдің ең мықты жауынгерлері сынады.

Қазақстан құрамасы командалық есепте 1 орынға ие болды! Павлодар қаласынан Азия чемпиондары мен жүлдегерлерінің қатарына алты спортшы енді. Оның ішінде алтын медальді 60 келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Сұлтан, 70 келіде Кирилл Масленников жеңіп алды, – дейді жаттықтырушы әлеуметтік желіде.

Үшінші орынға 55 келі салмақ дәрежесінде Дариға Басхаева, 80 келіде Анатолий Качулин, 75 келіде Станислав Базилевич және 50+ жас санатында ардагер Ақылбек Нұрмағамбетов ие болды.

Айта кетейік, 3 тамыз күні 12-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.