Павлодарлық спортшылар халықаралық турнирден алтынмен оралды

Павлодарлық спортшылар халықаралық турнирден алтынмен оралды
Фото: Павлодар облысының грэпплинг спорттық күрес федерациясы

Грэпплинг бойынша өткен турнирге қазақстандықтардан бөлек Германия мен Ресей күресшілері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық грэпплинг спорттық күрес федерациясының мәлімдеуінше, Ақтөбе қаласында біздің спортшылар тамаша кұрес көрсеткен ASIA OPEN халықаралық турнирі аяқталды.

Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша бірінші орынды Сарсен Жетібай, Савелий Казаков, Ермек Біржан, Әлібай Кәрім, Аружан Қайырлы және Марлен Ренатұлы иеленді. Тағы тоғыз спортшы «күміс» медальді, ал екеуі «қола» медальді жеңіп алды.