Павлодарлық спортшылар пауэрлифтингтен ел чемпионатында үздік атанды
Олар алты медальді қоржынға салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Семейде ерлер мен әйелдер арасында классикалық пауэрлифтингтен және жасөспірімдер, жастар арасында жеке жаттығулар бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Ауқымды жарыстарға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам спортшы бақ сынасты. Марғұлан университетінің алты спортшысы құрама сапында Павлодар облысының атынан шығып, чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша +84 келі салмақ дәрежесінде өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы, қазіргі спортшы Ксения Окатенко бірінші орынды иеленді.
Жасөспірімдер арасында 57 келі салмақта ЖШжС-22 тобының студенті Олеся Жиляева сынға түсті. Ол ең жақсы нәтиже көрсетіп, 110 кг зілтемірді иыққа қойып, отырып-тұру, 85 кг стендтік пресс және 120 кг салмақ көтеру арқылы бірінші орынды жеңіп алды.
66 келіде өнер көрсеткен ДШжС-32 тобының студенті Вадим Плахотников, ДШжС -12с тобының студенті Руслан Кожевников (74 келіге дейін) және ДШжС -16 тобының студенті Сергей Нижегородов (83 келі) өз салмақ категорияларында абсолютті жеңімпаздар боп атанды.
ДШжС-12 тобының студенті Никита Лунев те тамаша өнер көрсетті. Ол жастығына қарамастан 53 келі салмақта чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Спортшыларды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ағайынды Иван мен Андрей Прокопенко дайындады.
Иван Прокопенко алматылық пен шымкенттік қарсыластардың тәжірибелі болғанын атап өтті.
– Бәсеке өте күшті мықты болды, сондықтан да жеңіс оңай берілмеді. Ендігі мақсатымыз – Азия чемпионатына жақсы дайындалу, – жаттықтырушы.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша желтоқсан айында Малайзияның Джохор Бахру қаласында өтетін Азия чемпионатына спортшылар іріктелді. Марғұлан университетінің екі студенті мен бір оқытушысы чемпионатқа жолдама алып, ұлттық құрама сапында еліміздің намысын қорғайтын болды.