Павлодарлық спортшы Париж алдында жеңіске жетті
Ташкентте Silk Road to Paris атты халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өзбекстан астанасында Ольга Сафронова ел құрамасы сапында өнер көрсетіп, 200 метр қашықтыққа жүгіріп алтын медальге ие болды. Ол 23.07 секунд уақытын көрсетті. Одан бөлек, қазақстандықтар Елизавета Матвеева биіктікке секіруден және Давид Ефремов кедергілермен 110 метрге жүгіруден бірінші орындарды ұтып алды.
Бірнеше күн бұрын Ольга Сафронова Парижде өтетін Олимпиадаға жолдама ұтып алды. Қазіргі кезде Қазақстанның жеңіл атлетикадан алты лицензиясы, ал жалпы барлық спорт түрінен 84 жолдамасы бар.
Париждегі 33 Жазғы Олимпиада 26 шілдеде басталады. 200 метрге жүгіруден рекорд америкалық Флоренс Гриффит-Джойнер 1988 жылы Сеулде орнатқан. Оның уақыты 21.34 секундқа тең.