Павлодарлық спортшылар Қызылордадағы халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды

Павлодарлық спортшылар Қызылордадағы халықаралық турнирде жүлде жеңіп алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарысқа еліміздің 12 облысы мен үш қаласынан 450-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1–6 наурыз аралығында Қызылорда қаласында Нәлқожа Ергешбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті.

Турнир екі жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысының спортшылары бірнеше жүлделі орынға ие болды.

13 жасқа дейінгі қыздар арасында Аймира Сакен екінші орын алса, Айя Қаркен үшінші орынға ие болды.

21 жасқа дейінгі қыздар арасында Елдана Оралбай қола медаль жеңіп алды.

Ал 21 жасқа дейінгі ұлдар арасында Надир Ахметов алтын медаль иеленіп, Тамерлан Сапар үшінші орынға тұрақтады.