Павлодарлық спортшылар грэпплинг чемпионатынан оннан астам медальмен оралды
Жүлденің жартысы алтын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Bek team» спорт клубының мәліметінше, 4-6 мамыр аралығында Филиппиннің Тағайтай қаласында грэпплингтен ересектер, жастар, юниорлар және жасөспірімдер арасындағы төртінші Азия чемпионаты өтті.
Жарысқа Филиппин, Үндістан, Иран, Пәкістан, Сингапур, Өзбекстан, Қырғызстан, Вьетнам, Таиланд және Қазақстаннан 500-ден астам спортшы қатысты.
Бас бапкер Зайырбек Әбілқадыровтың жетекшілігімен жаттығатын павлодарлық Bekteam клубының тәрбиеленушілері 14 медаль әкелді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
- ерлер мен әйелдер арасында алтынды 84 келі салмағында Зайырбек Әбілқадыров (GP GI), 71 келі салмағында Сәрсен Жетібаев (GP, GP GI), 77 келі салмағында Дмитрий Михайлиди (GP), күмісті 58 келі салмағында Нұрбек Сатыбалды (GP), 53 келі салмағында Аида Жетпісова (GP, GP GI) күміс пен қоланы жеңіп алды;
- 18-20 және 16-17 жас аралығы санатында 100 келі салмағында Мирас Бекей (U20) алтын мен күміске, 49 келі салмағында Аида Жетпісова (U20) алтынға, 58 келі салмағында Имран Магзум (U20) алтын мен күміске, 69 келі салмағында Нұрбол Орынбасаров (U17) күміске ие болды.