Павлодарлық студенттер халықаралық турнирден жүлдемен оралды

Павлодарлық студенттер халықаралық турнирден жүлдемен оралды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір спортшылары екі күміс, бір қола медальді иеленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Болгарияда өткен спорттық акробатика бойынша халықаралық турнирге Қазақстан атынан Марғұлан университетінің бірінші курс студенттері Егор Есенко, Ілияс Мұхтасаров және үшінші курс студенттері Руслан Әубәкіров, Анжелика Бобошко қатысты.

– Егор Есенко аралас жұптың құрамында динамикалық жаттығуда екінші орын алды, Ілияс Мұхтасаров тепе-теңдік және динамикалық жаттығуларда үшінші, финалда екінші орын алды. Ал Руслан мен Анжелика спорттық акробатикадан халықаралық турнирді сәтсіз аяқтады. Бірақ, олар мұнымен тоқтамақ емес. Келесі жарыстарға дайындықтарын жалғастыруда, – деді баспасөз орталығында.

Айта кету керек, аталған спортшылар сегіз жасынан бастап Павлодар қаласының №1 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық акробатикамен айналысады. Руслан Әубәкіров пен Егор Есенконы Светлана Әубәкірова жаттықтырса, Ілияс Мұхтасарованы Александр Самбурский, Анжелика Бобошконы Елена Гмызун жаттықтырады.