Павлодарда тоғыз автобустың жүру бағыты өзгереді

Павлодарда тоғыз автобустың жүру бағыты өзгереді

Сумен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК АЖ бөлімінің мәліметінше, 31 шілдеден 10 тамызға дейін Ак. Сәтбаев көшесі бойымен Естай-Исеналиев көшелерінің шекараларында автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

№ 1, 1э, 5, 10, 18, 21, 22, 27, 31 автобус маршруттары Ак. Сәтбаев - Толстой - Астана - Естай – Ак. Сәтбаев көшелері бойынша екі бағытта жүретін болады.