Павлодарлық тұрғындарға ыстық су қашан беріледі?

Ағымдағы жылы алдағы жылыту маусымына дайындық аясында облыстың энергия көздерінде 46 негізгі жабдықты жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазіргі таңда жылыту кезеңі облыстың үш қаласында аяқталды, аудандарда – ағымдағы жылдың 21 сәуіріне дейін аяқтау жоспарлануда, жалпы облыс бойынша штаттық режимде өтті.
Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін облыстың үш қаласында жылу желілерін температуралық және гидравликалық сынау бойынша іс-шаралар басталды.
– Гидравликалық сынақтар 10 сәуірде басталып, 28 сәуірге дейін жүргізіледі. Егер зақымдар болмаған жағдайда, көп қабатты үйлерге ыстық су беріледі. Ал жалпы алғанда, ең ұзақ дегенде бір айдың ішінде су беріледі деп көзделуде, – дейді Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Иманзаипов.
Спикердің айтуынша, гидравликалық сынақтар температуралық талдаулардан өтті. Екінші кезеңі болмайды. Жаз бойы қала тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда барлық аудандар ыстық судан ажыратылған. Температурадан кейін оларға гидравлика жүргізу үшін тоқсандық желілер ашылады.
Алайда кейбір аудандарда Павлодар желілерінің келісімінсіз тұрғындар үшін ыстық су ашатын жосықсыз тұтынушылар бар.
– Бұл – қауіпті. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ үйдің ішкі желілері, батарея зақымдалуы мүмкін, – дейді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні 1 энергоблокта жөндеу жүргізілді (ГРЭС-1-де Бл – 4), жөндеуде – тоғыз бірлік. Жөндеу мерзімі 36 бірлікке әлі келмеді (он энергия блогы, 20 қазандық, төрт турбина және екі түтін құбырларда).
Бұдан басқа, электр желілерінің сенімділігін арттыру үшін облыста «ПРЭК» АҚ инвестициялық тарифі және мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруды теңгерімді тәртіппен бөле отырып, электр желілерін жаңғырту жөніндегі жол картасы іске асырылуда.