Павлодарлық университетте бір мыңнан астам түлек диплом алды

Павлодарлық университетте бір мыңнан астам түлек диплом алды
Фото: Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

179 түлек оқуды үздік дипломмен аяқтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында өткен салтанатты шараға Марғұлан университеті басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Жанбол Жилбаев, басқарма мүшелері, профессор-оқытушылар құрамы қатысып, түлектерді құттықтады.

Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша төрт жыл бойы оқуда, қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан студенттер үздік дипломмен марапатталды. Олардың ішінде педагогика жоғары мектебіннен 40 түлек, жаратылыстану жоғары мектебін 57 түлек, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінен 66 түлек, өнер және спорт жоғары мектебінен 16 түлек үздік атанды. 

Айта кетейік, білім беру бағдарламалары бойынша, ең көп түлек «Дене шынықтыру және спорт», «Шетел тілі: екі шет тілі», «қазақ тілі мен әдебиеті», дуальды оқыту нысанында «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» салаларында екенін ерекше атап өткен жөн.