Павлодарлық компания студенттерді Қытайға оқуға жіберуде

Павлодарлық компания студенттерді Қытайға оқуға жіберуде
Фото: Константин Шелков

Бүгінгі таңда 10-ға жуық студент Шэньси қаласында білім алуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімдігі мен «ERG» компаниясы  арасында жасалған меморандум шеңберінде облыс колледждерінің студенттері Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясында шетелдік тағылымдамадан өтуде. «Дәнекерлеу технологиясы», «Слесарлік  іс» және «Электромонтаж» мамандықтары бойынша  8 студент «Жібек жолы» кәсіптік білім беру Альянсына кіретін Шэньси политехникалық институттың базасында оқытылады.

Екі апталық оқу қорытындысы бойынша студенттер біліктілік емтиханын тапсырып, алған білімдерін растауы керек. Бұл тәжірибе  Альянс шеңберінде алғаш рет өткізілді. Алайда аталмыш шара жыл сайын «ERG» компаниясы мен өңірлік білім басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде ұйымдастырылады.