Павлодарлық зейнеткерлер кемемен серуендеді
Қайырымдылық шарада жүзден астам зейнеткер қамтылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарда белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмыс істеп келе жатқанына 3 жыл. Аз ғана уақыт ішінде 18 бағыт бойынша клуб ашып, зейнектерлердің бос уақытын тиімді өткізіп келеді. Қазір орталыққа келетін қарттардың саны 800-ге жуықтаған.
Бүгін "Павлодар өзен порты" АҚ бірлесіп, 123 зейнет жасындағы ата-әжелерге ерекше демалыс ұйымдастырылды.
- Қазіргі уақытта зейнеткерлердің көбі жай жерлерде демалуды ұнатпайды. Олар да шет елдерге барып, керемет сәттердің куәсі болғанды қалайды. Егде жастағы адамдардың денсаулығы мен жасын ескере отырып, біздің орталықта қызықты саяхаттар мен түрлі демалыстар әзірленуде, - дейді ұйымдастырушылар.
Осы орайда демалушылар қызықты саяхат үшін "Павлодар өзен порты" АҚ - директоры Тілеубек Нұрсейітовке алғыс айтты.
- Ертістің ерке толқынына қарап, ерекше әсерленгенім сонша, фотоға да түспеппін. Естен кетпейтін, тамаша демалыс болды. Жалпы, кемегемінгенде санамдағы мазасыз ойларбың барлығын ұмытып, дан рахатын сезінемін, - дейді Татьяна.
Кемеде зейнеткерлер ән салса, ұйымдастырушылар Павлодар тарихынан сыр шертіп, викторина өткізді. Белсенді болғандар арнайы сыйлықтарға ие болды.