Павлодарлық жас батут гимнастикасы бойынша ҚР абсолютті чемпионы болды
Ол Margulan университетінің студенті, деп хабарлайды @Pavlоdarnews.kz.
23-30 сәуір аралығында Алматы қаласында батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының VI Жазғы спартакиадасы өтті. Жарысқа еліміздің 9 облысынан жүзден астам спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ДШжС-12 тобының студенті Виктория Бутолина алтын және екі күміс медальді жеңіп алды. Осылайша, Виктория батут гимнастикасынан Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы атанды.
Спортшының жаттықтырушысы – батут гимнастикасынан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Свиридова.
- Виктория Қазақстандағы қыздар арасында өзіне тең келетін ешкім жоқ екенін тағы да растады. Бұл жарыстарда біз бағдарламаны екі үштік сальтоны сынап көрдік. Бұл гимнастикадағы ең қиын элементтердің бірі. Оны шілде айының басында Португалияда өтетін әлем чемпионатында көрсетуді жоспарлап отырмыз, – дейді Екатерина Сергеевна.
ДШжС – 32 тобының студенті Алина Сарсембаева да республикалық спартакиаданың алтын, күміс және қола медальдарын жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті. Спортшы қызды Өнер және спорт жоғары мектебінің профессоры Евгений Бронский дайындайды.