Павлодарда тұрғындарды Жаңа жылдық кросс жарысқа қатысуға шақырады
Қатысушылар саны шектеулі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі 31 желтоқсанда Жаңа жылдық жарысты ұйымдастырады. Ол Усолка шағын ауданындағы «Ертіс» шаңғы базасында 23:30-да басталады.
Сегіз жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар 200 метр, 9-14 жас – 300 метрді жүгіріп, еңсеруі керек. Әр түрлі жастағы әйелдер үшін қашықтық-километр, ерлер үшін-екі шақырым. Ал 70 жастан асқан павлодарлықтар бір шақырым жүгіреді.
Ұйымдастырушылар қатысушылар саны шектеулі екенін ескертеді. Өтінімді 8 (705) 176-52-98 телефоны бойынша қалдыру қажет. Жарыс күні тіркеу сағат 23:00-де аяқталады.
Кросс жарыстың жеңімпаздары марапатталып, сыйлықтар алатын болады.