Павлодарлық ЖЭО-1 тарифтерді көтеруді сұрап отыр
Станция жылу энергиясын өндіру қызметіне қатысты инвестициялық бағдарламаны өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ЖЭО-1 кіретін «Қазақстан алюминиі» АҚ осы бағыттағы өтініші қоғамдық тыңдауларда қарастырылды. ЖЭО-1 1964 жылы пайдалануға берілді. Жылу өндірудің қуаттылығы сағатына 1 182 гигакалория. Энергияның 20 проценті Павлодардың оңтүстік-шығыс аудандарын жылытуға жұмсалады. Бүгінде тариф бір гигакалория үшін 1167, 86 теңгені құрайды.
ЖЭО-1 операциялық директоры, бас инженері Медет Сәтов айтып өткендей, тарифті өзгерту арқылы станцияның негізгі құрал-жабдықтарының тозу деңгейін, отын жағу мөлшері мен нормативтік шығындар деңгейін төмендетуге қол жеткізуге болады.
Биыл кәсіпорын 762,6 млн теңгеге жетінші және сегізінші қазандықтарды жөндеуді жоспарлауда. Алайда әуел баста 2023 жылы 293,3 млн теңгеге ЖЭО-1 №2 қазандығы ретке келтіру көзделген болатын. Медет Сәтовтің сөзіне қарағанда, өзгеріс соңғы қазандық жай-күйінің жақсылығы және №7, 8 қазандықтар жағдайының нашарлығына байланысты.
Бұл шешім қоғамдық тыңдаулар қатысушыларының күдігін туғызды. Мысалы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Нұрлан Нәбиев тарифтердің артқанын тұрғындар қалтасы көтере алмайтынын айтса, қоғам қайраткері Юрий Павленко мұндай ірі кәсіпорын қосымша қаражатты тұтынушылар қалтасынан емес, акционерлерінен іздестіруі тиіс деген ой айтты.
Дегенмен, тарифтер қайткен күнде де көтеріледі. Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитет Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Камилла Байғожанова айтып өткендей, тарифтердің көтеру арқылы ЖЭО-1 құрал-жабдықтары 79%-дан 77%-ға дейін кемиді.
- Тарифтің көтерілуі жоспарлануда, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 да оның көтерілуіне өтініш жолдады. Бұл бағдарлама мақсатына сәйкес тозу деңгейін төмендетеді. Әрине, қоғамдық тыңдаулар қатысушыларының пікірлері ескеріледі, алайда тек заңнама талаптарына сәйкес. Шешім бір ай ішінде қабылданады, - дейді Камилла Байғожанова.
«Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасы тарифтерді инфрақұрылымды жаңарту орнына көтеруді меңзейді.
Оған дейін облыс орталығында өткен қоғамдық тыңдауларад «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Павлодарэнерго» АҚ кәсіпорындарының жөндей науқанын күшейту және қызметкерлер жалақысын арттыру бойынша өтініштері қарастырылды.
Фото: автор