Павлодарлық және қарағандылық инспекторлар табиғатты қорғау үшін бірікті

Павлодарлық және қарағандылық инспекторлар табиғатты қорғау үшін бірікті
Фото: Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы

Рейдтік іс-шаралар «Сұңқар» науқаны және жабайы тұяқты жануар – ақбөкенді қорғау шеңберінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Қарағанды аумақтық инспекциясымен және «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының және Павлодар облысы Май және Баянауыл аудандарының аумағында жабайы жануарларды және табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша бірлескен рейдтік қорғау іс-шараларын жүргізді.

Рейд барысында табиғат қорғау ұйымдары екі жылжымалы бекет қойды, табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталмады, жалпы саны 20 мыңнан астам ақбөкендер кездесті.