Павлодарлық əнші жастарға сайлауға не үшін бару керектігін айтты
«AMANAT» партиясы облыстық штабының фронт-офисінде «Жастар Рухы» жастар қанаты белсенділері белгілі қазақстандық әнші Нұрлан Есембаевпен кездесті.
Музыкант партия жұмысына қолқабыс жасаған жас белсенділерге алғыс айтты. Оның пікірінше, қоғам жұмылған кезде ғана елде оң өзгерістерге қол жеткізуге, Жаңа, әділетті Қазақстанды орнатуға болады.
«Жастар Рухы» жастар қанатының ПОФ төрағасы Еламан Асылбеков, өз кезегінде, Нұрлан Есембаевтың әнін сүйетінін айтып, тректері плейлистінен ойып тұрып орын алатынын жасырмады.
- Кездесу өте жақсы өтті. Менің сүйікті әншім «AMANAT» партиясына қолдау көрсетіп, оған сенетіні тіпті қуантты. Сенің кумирің осындай идеяны бірге қолдайтыны тамаша, - деді Еламан.
Жастар қауымы жылы лебіз бен ән сыйлаған әртіске алғыс айтты.
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облысы мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі (Павлодар қаласы, Кривенко көшесі - 25А)