Павлодарда кәмелеттік жасқа толмаған балалар мас күйінде ұсталды
Олар ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері орталық жағалауда белгіленген уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген бес кәмелетке толмаған баланы анықтады. Балалар ата-аналарына тапсырылды .
– Заңды өкілдерге қатысты балалардың түнгі серуені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жасалды, – дейді департаментте.
Сондай-ақ, Камзин көшесінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары сағат 23:30-да 16 және 17 жастағы үш жасөспірімді байқады, олар полицейлердің күдігін тудырды. Кәмелетке толмағандар полиция бөліміне жеткізіліп, жедел жәрдем шақыртылды. Жасөспірімдердің бірі мас күйінде болған. Балалардың ата-аналары жазаға тартылды. Бұл факт туралы ақпарат білім беру бөліміне жіберілді.
Тәртіп сақшылары кәмелеттік жасқа толмағандар заңды өкілдерінсіз көшеде 23:00-ден кейін , ал ойын-сауық орындарында 22:00-ден кейін жалғыз жүре алмайтынын еске салды.