Павлодарлық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынымен күресуде
Жерлестеріміз тұрғындарды, үй жануарларын эвакуациялаумен айналысуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары су басқан аудандарға азық-түлік жеткізу жұмыстарын да қатар атқаруда.
- Құтқарушылар саяжай учаскелерін аралап, жергілікті тұрғындарды эвакуациялау туралы хабардар етуде. Эвакуация кезінде Ертіс өңірінің апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен Заречный кенті мен Петропавл қаласының 9 тұрғыны тексерілді, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тұрғындарға тікелей көмек көрсетуден басқа, құтқарушылар өз әрекеттерін үйлестіру және жағдайға жедел әрекет жасау үшін жергілікті органдармен тығыз жұмыс істеуде.
Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары су тасқынының алдын алу және су деңгейін бақылау бойынша бөгеттер мен басқа да гидротехникалық құрылыстардың тұрақтылығын нығайту және арттыру жөніндегі шараларға жұмылдырылуда.
Жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде.