Павлодарлық ұстаз балық аулаудан бес дүркін чемпион атанды

Ол ИнЕУ-де инженерлік және өнеркәсіптік технологиядан сабақ береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павел Логвиненко өзінің спорттық балық аулаудағы жоғары шеберлігін тағы да растады. Республикалық турнир Теміртау қаласында өтіп, кафедраның аға оқытушысы Павлодар облысы құрама командасының құрамында алтын медальға ие болды.
Бұл – оның бесінші жеңісі, ал жалпы спорт шебері ретінде ол 15 дүркін чемпион. Қазақстан чемпионатына 13 облыс құрама қатысты. Спортшылар Астана, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен, Ақтөбе, Қостанай, Екібастұз, Ақсу, Қонаев, Теміртау және Павлодар қалаларынан келді.
Бұл ауқымды турнирде Павел Логвиненко топ құраманың капитаны болып, ашылу салтанатында Қазақстанның Туын алып шықты.
Павлодарлық балықшылар ірі есеппен жеңіске жетіп, 2026 жылдың наурыз айында Швецияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Айта кетейік, 2025 жылдың ақпан айында Павел Логвиненко Қазақстан құрамында АҚШ Мичиган штатының Гранд-Рапидс қаласында өткен спорттық балық аулау бойынша әлем чемпионатына қатысқан болатын.