Железин ауданында маневр жасаған жүргізуші жазаланды

Железин ауданында маневр жасаған жүргізуші жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Осы бұзушылықтар үшін ол жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

 Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында «Лада» маркалы автокөлігінің жүргізушісі бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны түсірілген бейне анықталды. 

– Железин ауылының көшелерімен жүріп келе жатқан ауыл тұрғыны маневр жасау қауіпсіздігіне көз жеткізбей, апатты жағдай туғызды. Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, авто мамандандырылған айып тұрағына қойылды, – деп хабарлады департаментте.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салады.