Павлодарлықтар киелі суды Елордаға жеткізді
Астанада «Бірлік керуені» өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Салтанатты шараға еліміздің 20 өңірінен келген 200-ге тарта батыр, елші мен қоғамдық қайраткерлері қатысты. Олардың арасында ақсулық бүркітші Шамиль Жексембаев та болды.
- Мұнда болғандағы әсерлерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай ірі шараға қатысқаныма қуаныштымын. Алдағы ойындарда спортшыларымыз ұмытылмас әсер қалдырады деп үміттенемін, - дейді Шамиль Жексембаев.
Астана қонақтары мен тұрғындары алдында Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, қош келдіңіздер деді.
Керуен ЭКСПО аумағында өтті. Мұнда түрлі ойын-сауық бағдарлама басталып кетті.
Осыған дейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының киелі символы ретінде әрбір өңірден жинады. Павлодар облысында бұл рәсім Баянауыл ауданында өткізілді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 85 елден 2000 спортшы қатысады деп күтілуде.