Успендік жастар қаржылық сауаттылық деңгейін арттырды

Успендік жастар қаржылық сауаттылық деңгейін арттырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар жеке қаржысына жауапкершілікпен қарағысы келеді,деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында аудан жастары арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған дәріс өтті.

Іс-шара жас азаматтардың жеке қаржысына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және олардың экономикалық хабардарлығын арттыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

«Жас талап» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы Гүлнара Нұрмұхамбетова қаржылық жоспарлаудың негізгі аспектілерін, соның ішінде жеке бюджетті құру ережелерін, кіріс және шығыс бөліктерін сауатты бөлуді, инвестициялау мен жинақтаудың негізгі принциптері туралы баяндама жасады.

–  Шарада қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану, тұрақты және тәуелсіз болашақ үшін қажетті қаржылық әдеттер мен дағдыларды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, – деді ұйымдастырушылар.

Іс-шараға қатысушылар өз қаражаттарын басқару бойынша практикалық кеңестер алды, ақшамен жұмыс істеу кезінде жиі кездесетін қателіктерден аулақ болуды үйренді, сондай-ақ, ең төменгі тәуекелдерді ескере отырып, инвестициялау мүмкіндіктері туралы білді.

Дәріс тыңдаушы жастар белсенді сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті және нақты өмірлік жағдайларды талқылады.