Павлодарлықтар Кореяда жеңіске жеткен гимнастарды қарсы алды

Павлодарлықтар Кореяда жеңіске жеткен гимнастарды қарсы алды
Фото: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Спортшыларды Астана Халықаралық әуежайында күтіп алды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Кореяда өткен Азия чемпионатында Роман Маменов жалпыкомандалық біріншілікте қола медаль, Роман Хегай, Нұртан Ыдырысов, Артем Ковалев жалпыкомандалық есепте қола медаль жеңіп алды.

Жеке біріншілікте Роман Хегай – алтын, ал Нұртан Ыдырысов жеке есепте алтын және күміс медальдарды жеңіп алды. 

Еске сала кетейік, Азия чемпионатына 24 елдің гимнасшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша біздің команда үшінші орынға ие болды. Бірінші орынды жапондық гимнасшылар, екінші орынды Оңтүстік Корея спортшылары иеленді.