Павлодарлық спортшылар туристік көпсайыстан Қазақстан Кубогында үздік нәтиже көрсетті

Павлодарлық спортшылар туристік көпсайыстан Қазақстан Кубогында үздік нәтиже көрсетті
Фото: қалалық білім беру бөлімі ұсынды

Республикалық турнирде 120-дан астам қатысушы өзара бақ сынасты , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының «Вершина», «Пирамида» туристік клубтарының 20 тәрбиеленушілерінен құралған құрама командасы В. Чепелді еске алуға арналған республикалық турнирге және туристік көпсайыстан Қазақстан Кубогына қатысты.

Турнир Алматы қаласындағы Қазақ туризм және спорт академиясында 14 жасқа дейінгі «Ұлдар», 15-18 жасқа дейінгі «Жасөспірімдер», 18 жастан асқан «Жастар» арасында өтті. Оған 10 өңірден келген 120-дан астам спортшы қатысты.  

Қашықтықтар туристердің техникалық және тактикалық шеберлігін сақтай отырып, жасанды рельефке қойылды.

–   «Жасөспірімдер» тобында I және III жалпы командалық орындарға ие болды. Әдетте команданың құрамы үш ұл және бір қыз баладан жиналады, ал біздің командада керісінше - 3 қыз және бір жігіт болды. Бұл оларға жақсы нәтиже көрсетуге және жалпы командалық үшінші орынды алуға кедергі болмады, – дейді жаттықтырушы Сергей Агалаков.

Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар командасы 41 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде бірінші орын - 20, екінші орын - 10, үшінші орын - 11. «Жасөспірімдер» және «Жастар» топтарының қатысушылары үздік нәтижелер көрсетті. Елнұр Ыдырысов, Әмір Ыдырысов, Василина Докучаева, Альбина Икласова, Анастасия Васильева I жалпы командалық орынға ие болды.