Павлодарлықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер бола алады

Павлодарлықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер бола алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды сыбайлас жемқорлықты жою бойынша ортақ іске үлес қосуға шақырады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субъектілерін және квазимемлекеттік секторды, сондай-ақ өзге де ұйымдарды тарту болып табылады.

–  Біз бірге қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша жұмыс істейтін боламыз.  Жоба аясында келесі бағыттар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барынша көмек көрсетуге болады: қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, Pro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету), корпоративтік еріктілік, – деп жазылған хабарламада. 

Жобаға қатысу үшін сізге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне жүгіну қажет.

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 37. Электронды пошта: dmdgs_pavlodar@mail.ru. Тел: 8-771-305-30-43.