«Ауыл – ел бесігі»: Павлодар облысында екі мәдениет үйі салынуда

«Ауыл – ел бесігі»: Павлодар облысында  екі мәдениет үйі салынуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның бірі – Ақсу қаласының ауылдық аймағында, екіншісі – Жетекші ауылында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту жане архив ici басқармасы басшысының орынбасары Саяуыш Сәдуақасов мәлім етті. 

– Облыста екі мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Ақсу қаласының ауылдық аймағы Алғабас ауылында мәдени-сауық орталығын салуға 483741,0 теңге бөлінген. Екі жылдық жоба, мердігер – «ПромЖилСтройКомплекс» ЖШС, келісімшарт 2024 жылғы 1 наурызда жасалған, – дейді Саяуыш Сәдуақасов.

2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша инженерлік желілерді салу бойынша 70% жұмыс атқарылған, шатырды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, терезелер толық орнатылған. Құрылыс жұмыстардың аяқталуы екінші жартыжылдығына жоспарланған.

Сондай-ақ Павлодар қаласының Жетекші ауылында мәдениет үйі бой көтеруде. Жобаның құны – 1196,2 млн теңге. Мердігер – «Гидропром» ЖШС, келісімшарт 2025 жылғы 6 ақпанда жасалған. 2025 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша ішкі және сыртқы қабырғаларды тұрғызу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша өңірде 872,1 миллион теңгеге төрт жоба жүзеге асырылуда. Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылында мәдениет үйіне 146,4 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізіледі. Жобаны іске асыру мерзімі – бес ай. Мердігер – «Оргстройпром» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «Техна-С» ЖШС.  

Павлодар ауданының Ефремовка ауылдық клубының күрделі жөндеуіне 153,4 миллион теңге бөлінген. Жобаны іске асыру — мерзімі 4 ай. Мердігер — «Винтрейд» ЖШС. Техникалық қадағалаушы — «Erflog-PV» ЖШС. Келісім  2025 жылғы 13 қаңтарда жасалған, жұмыстар наурыз айында басталады. Fимарат 1985 жылы салынған, соңғы рет жөндеу жұмыстары 2014 жылы жүргізілген.

Май ауданының Баскөл ауылында 271,4 миллион теңгеге мәдениет үйінің күрделі жөндеуі жоспарлануда. Жобаны іске асыру мерзімі – төрт ай. Fимарат 1978 жылы салынған, соңғы рет жөндеу жумыстары 2011 жылы жасалған.

Тереңкөл ауданының Ивановка ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеуге 300,9 миллион теңге бөлінген. Жобаны іске асыру мерзімі – төрт ай. Fимарат 1993 жылы салынған, соңғы рет жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген. 

Екі нысан бойынша мердігер анықталмаған, құжаттар 2024 жылғы желтоқсанда мемлекеттік сатып алуларды жариялау үшін жолданған. Қазіргі уақытта облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында келісуде.