Павлодарлықтар су тасқыны қаупі туындаған жағдайда қайда хабарласа алады

Су тасқынына байланысты қызметтердің байланыс нөмірлері жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алдағы күндері Павлодарда күн жылып, қардың белсенді еруі күтіледі. Осыған байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. Мұндай жағдайда павлодарлықтар келесі нөмірлерге хабарласа алады: 32-23-86, 32, 22-60. Мойылды ауылының тұрғындары үшін – 35-65-04, 35-65-30, Кенжекөл – 35-24-75, 35-28-24, Жетекші – 35-61-17, 35-68-30, Павлодарское – 31-86-06, Атамекен ауылы – 33-73-17.
Сондай-ақ, «109» қызметі де тәулік бойы жұмыс істейді.