Павлодарлықтар Алтай жерінің әуендеріне бөленді
Көмеймен ән айтудың ресейлік шебері Айсур Нонуков жергілікті тұрғындарды таң қалдырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында Астана, Алматы және Алтай Республикаларынан келген атақты қонақтардың қатысуымен «TÜRAN ÂLEMI» түркі музыкасының үлкен концерті өтті.
– Көрермендер дәстүрлі қазақ музыкасын ғана емес, қырғыз, әзербайжан, алтай музыкасын тыңдап, башқұрт биін тамашалады, – деп түсіндірді Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, дирижер Дәурен Глымов. – Дирижер, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Владимир Кончев өзімен бірге мультиинструменталист музыкантты алып келді. Ол аспаптар арқылы табиғи сипаттағы элементтерді жеткізе біледі: құстардың ән айтуын, аттың шабысы және басқа да дыбыстар.
Мультиинструменталист Айсур Нонуков үш шығарманы орындады: Алтай тақырыптарындағы попурри, шығармашылық пен Тузуяковтың қиялдарын.
– Көмеймен ән айту өнерінің мыңжылдық тарихы бар. Ол үш әдіспен орындалады: төменгі – «Карга», орташа – «Хоомей» және ысқырған жоғары дыбысты. Барлық үш түрді біріктіру өнерін бәрі бірдей меңгере алмайды, ал мен ондай жетістікке жеттім, – деді Айсур.
Музыканттың айтуы бойынша, көмеймен ән айтудың эстетикалық жағынан басқа емдік әсері бар, себебі ішіндегі жинақталған жағымсыз ойлар мен негативті нәрселерден арылуға көмектеседі.
Бастапқыда кайчи аспапқа, содан кейін – көрермендерге және одан әрі – туған Алтай жеріне сүйіспеншілігін білдіреді.
Сондай-ақ, түркі музыкасының концертінде павлодарлық көрермендер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Дәурен Глымовтың, Е.Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестр дирижері Әбілқайыр Сағымбаевтың және облыстық филармония дирижері Талғат Кәрімовтың жетекшілігімен қазақ халық аспаптар оркестрінің өнерін тамашалады.
Фото: Константин Шелков