Павлодарлықтар үшін ипподромға арнайы автобус бағыттары ұйымдастырылады

Павлодарлықтар үшін ипподромға арнайы автобус бағыттары ұйымдастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол қаланың бірнеше нүктесінен жүреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

20 маусым күні Павлодардың жаңа ипподромының салтанатты ашылуына және «Ертіс-Баян CUP» бәйгесіне келушілер үшін қаланың алты нүктесінен ипподромға дейін тегін автобус қатынасы ұйымдастырылады.

— Автобустардың жүру уақыты — сағат 09:00 басталады. Жолаушыларды отырғызу сағат 08:30-дан 09:00-ге дейін жүзеге асырылады, - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Жөнелту орындары:

* Усолка шағын ауданы — «Гринвич» супермаркеті;

* Дачный шағын ауданы — Ладожская және Қамзин көшелерінің қиылысы;

* Amanat партиясы ғимаратының алдындағы автотұрақ (Кривенко көшесі, 25А);

* Орталық мешіт маңы (Назарбаев көшесі бойында);

* Теміржол вокзалы;

* Химқалашық шағын ауданы (Прибрежный соңғы аялдамасы).

Әр бағыт бойынша екі автобустан қатынайды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін автобустардың алдыңғы әйнегіне «ИППОДРОМ» деген жазуы бар тақтайша орналастырылады.

Сағат 13:00-де ипподромнан жоғарыда көрсетілген барлық бағыттарға автобустардың кері қатынасы ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, салтанатты ашылу рәсімі 20 маусым күні сағат 10:00-де өтеді. Айтулы оқиғаға орай классикалық және ұлттық бәйге түрлерінен «ERTIS-BAYAN CUP» ашық республикалық турнирі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, абсолютті салмақ дәрежесіндегі қазақ күресі додасында еліміздің ең мықты балуандары бас қосып, бас жүлде үшін белдеседі.