Ақтоғай ауданының спорт мектебіне шағын автобус сыйға тартылды
Көптеген жылдар бойы спортшылардың жеке көлігі болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудан әкімі Қаршыға Арынов өзінің ресми «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, 12 наурыз күні Ақтоғай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) жаңа көлік құралы сатып алынды.
Ақтоғай ауданының БЖСМ облыстық бюджет есебінен 16 орындық «Газель Next» шағын автобусын сатып алу түрінде айтарлықтай қолдау алды.
– Көптеген жылдар бойы жеке көліктің болмауы спорттық іс-шараларға іссапарлар кезінде жас спортшыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өткір мәселе туғызды. Жаңа көлік құралы тасымалдау үшін қауіпсіз жағдайларды ғана емес, сонымен қатар біздің оқушыларымыздың спорттық шеберлігін дамытуға тікелей ықпал ететін жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді, – деп атап өтті Қаршыға Арынов.
Аталмыш спорт мектебінде спорттың 15 түрі бойынша 27 жаттықтырушы оқытушының жетекшілігімен 701 оқушы айналысады.
– Ауданымыздың жас спортшыларына көрсетіліп жатқан қолдау мен спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз, – деді спорт мектебінің басшысы Ерлан Жармұхамбетов.
Айта кетейік, биыл Ақтоғай ауданының БЖСМ құрылғанына 55 жыл толады.