Павлодарлықтар Ұлттық мектеп лигасының күміс жүлдегерлері атанды
Олар футбол мен асық атудан көзге түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласында 7-8-сыныптар арасында футболдан Ұлттық Мектеп лигасының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті. Жарысқа 16 аймақтақтардан келген командалар қатысты.
Павлодар облысының атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар қаласының №41 ЖОББМ командасы қатысты. 5 күндік жарыс қорытындысы бойынша құрама команда екінші орынды жеңіп алды. Данил Ильченко республикалық турнирдің үздік ойыншысы атанды.
«Бес асық» ойынында Павлодар облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпаздары Ақсу қаласының Үштерек ЖОББМ командасы қорғады. Жарысқа 16 аймақтақтардан келген командалар қатысты. Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша құрама команда республикалық турнирдің күміс жүлдегері атанды.