Павлодарлықтар «Әкем-театр» актерлеріне қол соғуда
Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында алматылықтардың гастрольдері жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кеше көрермен Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасының куәсі болды. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театрының актерлері Бүркіт есімді жігіт пен Бәтес атты қыздың арасындағы ыстық сезімді, 20-ғасырдың басындағы қилы заманнан сыр шертетін оқиғаны көріп бір жасап қалды. Қос ғашықтың бар арманын тас талқан етіп бұзған Мүсәпірдің пасықтығы сол кезеңдегі қоғамдағы жалпы дүрбелеңнің бір пұшпағы ғана екендігіне еріксіз көз жеткізуге болады. Өкінішке орай, спектакль хэппи-эндпен аяқталмайды, сондықтан да бұл драма соңы жүректерді солқ еткізіп, көзге жас келтіреді. Актерлік шеберлік пен автордың парасаттылығы, міне, осында. Сондықтан да кешегі «браво» дескен жұрттың көп болғаны осыдан.
Алдағы уақытта алматылық қонақтар павлодарлықтар назарына Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек», Бернард Шоудың «Сүйікті менің періштем» және Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» қойылымдарын көреді.