Павлодарлықтарды флористикаға үйретеді

Павлодарлықтарды флористикаға үйретеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Creative Lab» жобасының аясында шеберлік сағаты жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш іс-шара 8 сәуір күні сағат 16:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша өтеді.

Таңғажайып флористикалық композициялар жасауды және шығармашылық қабілеттеріңізді ашуды үйрену мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! – делінген хабарламада.

Орындар шектеулі, сондықтан тек жазба бойынша кіруге болады.

Іс-шараға жазылу үшін +7(747)257-76-24 мекенжайы бойынша хабарласу қажет.