Павлодарлықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауға қатысуға шақырады

Павлодарлықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқауға қатысуға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік жарнама бойынша халықаралық жастар байқауы жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өскелең ұрпақ назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару, балалар мен жастардың шығармашылық бастамаларын көтермелеу және қолдау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы біргеміз!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқау ұймдастырылуда.

Өткен жылы Қазақстаннан екі қатысушы жеңімпаз атанып, олардың жұмыстары БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20 жылдығына орай Атланта қаласында (АҚШ) өткізілген конференцияда таныстырылды. 

СҚО тұрғынының бейнеролигі «Үздік бейнеролик» атанса, Шымкент қаласы тұрғынының плакаты  үшінші орынды иеленді.

Конкурсқа қатысу үшін байқаудың ресми сайтында тіркелу қажет www.anticorruption.life.

Жұмыстарды қабылдау 2024 жылы 1 қазанға дейін ресми сайт арқылы жүзеге асырылады. Өткізу ережелері туралы толығырақ ақпарат www.anticorruption.life ресми сайтында бар.