Павлодарлықтарды қала күнімен итальяндық әнші құттықтайды

Павлодарлықтарды қала күнімен итальяндық әнші құттықтайды
Ольга Бугаеваның иллюстрациялық фотосуреті

Ол облыстың бас сахна төрінде танымал әнін шырқайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәлімдеуінше, облыс орталығының туған күніне арналған концертке төрт жұлдыз шақырылды.

Мерекелік концерт «Ertis Promenade» сахнасында 19 шілде күні сағат 19:00-де басталады. Алдымен «Ertis дауысы» жобасының финалистері өнер көрсетеді. Ал кештің басты хэдлайнерлері қазақстандық SADRADDIN мен ACE болады. Сондай-ақ, қала күніне орай арнайы шетелдік жұлдыздар келеді. Даниялық хип-хоп тобы OUTLANDISH және итальяндық әнші INGRID өздерінің танымал әндерін айтады. 

Кештің жүргізушілері – Луина және Ғалымжан Кеншілік. Концерт мерекелік отшашумен аяқталады.