Павлодарға елдің бас мүфтиі келеді

Павлодарға елдің бас мүфтиі келеді
Фото: muftyat.kz

Ол студенттермен кездеспек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бас мүфтиі Наурызбай Өтпенов Торайғыров университетінің студенттерімен «Дін мен дәстүр» тақырыбында кездесу өткізбек.

Аталмыш іс-шара 28 қыркүйек күні сағат 11:00-де университеттің концерт залында ұйымдастырылады. 

Айта кету керек, бас мүфти сағат 10:00-де Достық үйінде «Бижан» мешітінің 100 жылдығына арналған «Дін, мәдениет және ізгі қоғам» атты ғылыми конференцияға қатысады. 

Бұл шараға мүфтиден бөлек, Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков, дін өкілдері, мекемелер мен ұймдар қызметкерлері, ғалымдар мен профессорлар, кітапхана қызметкерлері қатысады.