Май ауданында ер адам жоғалып кетті

Май ауданында ер адам жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бағдарынан жаңылған тұрғын Баскөл ауылында тұрған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Vita еріктілерінің мәліметінше, 41 жастағы тұрғын Мұрат Сыздықов 12 қаңтарда сағат 11:00 шамасында Баскөл ауылында орналасқан «Сартай» шаруа қожалығынан шығып кетті. Содан бері оның орналасқан жері белгісіз. 

Ер адам капюшоны бар қара куртка, қара шалбар, қара етік, сұр шапка киген.   Бойы – шамамен 165 см, көзі – қоңыр, шашы – қара, басы мен артында күйік бар. 

Егер де оны  көрген адамдар болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарласа алады.   

Еске сала кетейік, 21 ақпан күні жоғалып кеткен павлодарлық Асұлан Нұрмағамбетовтің мәйіті табылып, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.