Дүйсенбі күні Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады

Дүйсенбі күні Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады

Облыс орталығында жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Павлодар облысында күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте қар жауады. Бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сынап бағанасы түнде -15...-20, облыстың оңтүстігінде -12°С дейін, күндіз -8...-13, оңтүстікте -5°С дейін  көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды. 

Республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – республиканың солтүстік жартысында аздаған қарлы боран болады, қар жауады. Оңтүстікте жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі.

Фото: Константин Шелков