«Проблемалар бар». «Ақсудың» жаңа бапкері жоспарымен бөлісті

«Проблемалар бар». «Ақсудың» жаңа бапкері жоспарымен бөлісті

Вахид Масудовтың айтуынша, оны командада жақсы қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

- Әрине, бірлесе шешуімізге тиіс біраз мәселе бар. Сондықтан, командада өзара түсіністік орнағанын қалаймын. Уақыт аз, ойындар бірінен соң бірі өтіп жатыр. Команданы қиын жағдайдан алып шықсақ па дейміз, - деді Вахид Масудов.

Жаңа бапкерді командаға кеше таныстырды. Кезінде «Қайратта» жасындай жарқылдаған жартылай қорғаушымен еңбек шарты жыл соңына дейін жоспарланған. Руслан Костышин жұмыстан босатылғаннан бері команда тізгіні уақытша Ойрат Сәдуовқа тапсырылған еді.

Қазіргі кезде команда турнир кестесінің 13-орнында келеді. Еншісінде төрт ұпай. Кезекті матчты «Ақсу» 6 мамырда сырт алаңда «Ақтөбемен» ойнайды.

Фото: ашық дереккөздерден