Ресейге санкциялық тауарды экспорттаған павлодарлық кәсіпкер жазаланды

Ресейге санкциялық тауарды экспорттаған павлодарлық кәсіпкер жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр жабдығы Еуропада өндірілген болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органдарына жаңа функция берілді – бұл экспорт немесе импорт бойынша ұлттық және шетел валютасын репатриациялау бойынша валюталық бақылау. 

Облыста жыл басынан бері «Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау» әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстың 251-бабына сәйкес 130 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Ал былтыр 80 миллион теңгеге айыппұл салынған болатын. Сотқа 600 миллион теңгеге жуық сомаға материалдар жіберілді. Экономикалық тергеу департаментіне 190 миллион теңгеге жуық сомаға материалдар берілді. 

– Мысалы, өңіріміздің картобын Өзбекстанға экспорттау жүзеге асыру барысында импорттаушы ақшалай кірістің шарт бойынша тиісті мерзімде түсуін қамтамасыз етпеді. Кәсіпкер банкке аударылмаған кірістің 20 пайызын төледі, бұл шамамен 17 миллион теңгені құрады,– деді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті тарифтік реттеу басқармасының басшысы Гүлмира Қасенова.

Оның сөзінше екі тарап сыртқы сауда шартқа отырғанда, олар қызмет көрсететін банкке жүгінеді. Банктен келісімшарттың есеп нөмірін алады. Бұл мемлекет тарапынан валюталық бақылау болып табылады. Яғни тек шартқа отыру жеткіліксіз, оны міндетті түрде банкке тіркеу қажет. 

– Басқа жағдайда Еуропадан сыртқы экономикалық қызметке қатысушы электр жабдығын Ресейге импорттады. Кейіннен ол санкцияға салынған тауар екендігі анықталды. Ресейде болған серіктесі тауар үшін төлем жасағысы келген, алайда санкциялық тауардың ақшасын біздің банктер қабылдамады,– деді Гүлмира Қасенова.

Сот кәсіпкерді Ресейге электроника жіберіп, есеп айырысу шотына ақша түспегені үшін жазаға тартты.