Екібастұзда жылу тасымалдағышты рұқсатсыз төккендерге қатаң шара қолданылады

Екібастұзда жылу тасымалдағышты рұқсатсыз төккендерге қатаң шара  қолданылады
Фото; Константин Шелков

Кеншілер қаласында жылыту жүйесінен суды ағызу тәжірибесі әлі де сақталуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Кейбір тұрғындар суды кәрізге төгіп, батареялардағы суды айдау арқылы үйлерін жылытуға тырысады. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мұндай азаматтарға қатысты қатаң шаралар қолдануды тапсырды.

–  Олай болмауы керек, – деді Роман Скляр. – Егер бұл жеке үйлерде болса, оларды өшіріп тастаңыздар. Мысалы, бір ғана екі қабатты коттедж суды ағызу арқылы тоғыз қабатты үйдің параметрлерін нашарлатуы мүмкін. Мұндай қаскүнемдерге  қатысты ең қатаң шаралар қолдану керек.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары осыған байланысты станцияда жоғары – сағатына шамамен 800 мың текше метр су сақталатынын атап өтті. Мұндай жағдайларда суды химиялық дайындау жүргізу өте қиынға түседі.

Сонымен қатар, Роман Скляр бірнеше жылдар бойы жылытылмайтын соңғы үйлердегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Ол «ОАЭК» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Оралдан әр үйге кіріп тексеруді, тіпті, үйлердің жылыту жүйелерінің саптамасын бөлшектеуге дейін жылу мәселесін шешуді талап етті.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Екібастұз өнеркәсіптік кәсіпорындарын жылумен жабдықтауды шектеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Ең бастысы – қаладағы үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен жабдықтауды қалыпқа келтіру.